ОҚМПУ-да «денсаулық» спартакиадасы басталды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі факультетаралық «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы басталды. Жарысқа 5 факультеттің оқытушы-профессорларымен қатар бөлім қызметкерлері мен әскери кафедра да қатысуда.

Бүгін олар баскетбол ойыны бойынша сайысқа түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту және спорт түрлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа дене шынықтыру және спорт факультеті төрешілік етуде.