ОҚМПУ делегациясы Гази университетінде ресми сапармен

Оқу ордамызда Түркияның ең беделді университеттерінің бірі Гази университетінің филиалын ашу бойынша жоспарлы кезекті келіссөздер жалғасын тапты. 24 қараша 2022 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қол қойылған Гази университетінің филиалын ашу туралы келісім шарт негізінде оқу ордамыздан Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева бастаған арнайы жұмыс тобы Анкараға келді.

3 күндік жұмыс барысында филиалдың тиімділігін арттыру үшін Түркия мен Қазақстанның жоғары білім саласындағы заңнамалары егжей-тегжейлі талқыланып, арнайы модель ұсынылды. Сонымен қатар, бакалавриат білім деңгейі бойынша екі дипломды және ортақ дипломды екі БББ ағымдағы жыл ішінде ендіріліп, білімгер қабылдауға келісім жасалды.