2022 жылғы 8-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына орай “Заманауи педагогикалық білім: жаһандану үдерісі және ұлттық код” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева төрағалық еткен пленарлық мәжілісте алыс-жақын шет елдерден баяндамалар оқылды. Мәселен, Түркия, Анкара қаласынан Гази универстінің Академиялық істер жөніндегі проректоры, доктор, профессор Гелишли Южел «Заманауи білім берудегі тенденциялар: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында; Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Атемова Қалипа Тұрсынқызы «Болашақ педагог маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру – сапалы білім берудің көрсеткіші» тақырыбында; Ресей Федерациясы, Қазан қаласы, Қазан Федералдық Университеті, Елабуга институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мерзон Елена Ефимовна «Как приблизить обучение к реальной жизни – опыт российских вузов» тақырыбында; Түркия, Анкара университетінен тарих ғылымдарының кандидаты Пириева Севиль Караман «Түркия университетінде қазақ тілін оқыту процесі» тақырыбында; ОҚМПУ ректорының кеңесшісі, әдебиеттанушы, сыншы, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы «Мұхтар Шаханов – ақын һәм қайраткер» атты баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте Ресей білім академиясының академигі, ЭЖМ ҒЗУ Білім беру институтының білім берудегі психометрика және өлшемдер орталығының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы Болотов Виктор Александрович, Ресей Федерациясы, Москва қаласы Білім беру институтының доценті, Ресей Федерациясы бойынша «Педагогикалық білім беру» магистрлік бағдарламасының академиялық жетекшісі Лытаева Мария Александровна, Англиядан UCL зерттеушісі Хәлімбекұлы Нарғұлан, Ресей Федерациясы, Қазан қаласы, Қазан федералдық университеті, Психология және білім институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Калимуллин Айдар Минимансурович онлайн түрде қашықтықтан баяндама жасады.
Сонымен қатар, Университетіміздің 85 жылдығына орай және «Ғылым жылы – 2022» аясында Білім алушылар арасында ұйымдастырылған «Тұғыры биік – ОҚМПУ» атты видеоролик конкурсының жеңімпаздарын да анықталып, осы кеште бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Конференциямен қатар, «Ғылым жылы - 2022» арнайы шарасын қорытындылау мақсатында, «Жас ғалымдар конгрессі» де өтті. Конгресске белгілі блогер Ырысбала Икрамбай, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының қоғаммен байланыс және ақпарат талдау бөлімінің басшысы Ұлжан Төлен, Қазан Федералдық Университеті, Елабуга институты, п.ғ.к., доцент Мирзагитова Алсу Линаровна шақырылып, университет студенттері белсенді қатысты.
Пленарлық мәжілісте Университетімізге 85 жыл толуына орай, Ресей, Түркия және Қазақстандық ЖОО Ректорларының құттықтаулары да қаралды.
Конференцияның секциялық жиналысы, бүгін 10-00 де болды. Жиналыста ғалымдар мен жас ізденушілер өз баяндамаларын таныстырып, үздік деп танылған баяндамашыларға сертификаттар берілетін болады.