27.10.2022ж Қоғамдық қабылдау бойынша қойылған сұрақтарға жауап
№ |
Аты-жөні |
Сұрақтар |
Жауабы |
Жауапты |
||||||||||||||||||||
1 |
Жанна 1-курс студенті |
1.Асханадағы заттардың бағасын түсіру керек не дегенімен студенттердің асханасы гой ещё күнде қымбаттайды гой тағамдары 2.Таза ауыз су (кулер) фойелерге қойылса |
1.Асхана жылда бекітілген ас мәзірі бойынша жұмыс жасауда. 2021-2022 оқу жылындағы бағалармен салыстырғанда бүгінгі таңда асханада сатылатын тауар түрлеріне 20-50 теңге көлемінде қосылған. Кейбір тауарлар баяғы бағасында сатылуда. Асхана мәзірінің бағасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. https://okmpu.edu.kz/kk/node/4364 Тек қана ыстық тамақ түрлеріне жарты порция тағамға 50 теңге толық бір порцияға 100 теңге қосылған. Соңғы кездегі барлық тауарлар мен заттардың баға өсімін ескерсек, бүгінгі таңдағы баға саясаты қанағаттанарлық жағдайда. 2. Білім алушыларға фойеге таза су орнату тиімсіз. Себебі, ол қосымша ескерілмеген қаржылай шығынды талап етеді. Әрбір оқу ғимаратында асханалар бар. Асханада қол жуатын крандар орнатылған, сол жерден тегін таза су алып ішуге мүмкіндік бар. |
Е.Шаланов |
||||||||||||||||||||
2 |
Жанерке филология факультеті 1-курс студенті |
Үлкен аудиторияларға микрофон қойылса
|
Студенттердің сұранысы бойынша университеттің үлкен дәрісханаларының аудиокүшейткіштермен қамтамасыздандыру үшін 5 дана SVS Audiotechnik LR-100 мобильдік трибуналарды сатып алуға 08.11.2022 ж N108 сұраныс хат беріліп, мемлекеттік сатып алу бөліміне тапсырылды. |
Л.Байырбекова |
||||||||||||||||||||
3 |
Балауса Ақжол 1-курс филология факультеті |
Wi-Fi барлық корпуста жақсы істейді,бірақ розеткалар аз және кейбіреуі істемейді де |
Тиісті сала инженеріне тапсырма берілді. Барлық оқу ғимараттары бойынша электржелілері, розеткалар қайта тексеріліп, бүгінгі таңда барлығы жұмыс жасауда. Қосымша розеткалар орнатылатын болады. |
Е.Шаланов |
||||||||||||||||||||
4 |
Жансейт 4-курс биология мамандығы |
1.Лабораториялық жұмыстың құралдарын 2,3 этажда тасып жүреміз, лабораториялық кабинетте өтуге болады ма? 2. Тест орталығында ҰБТ-ді өткен кезде шу болды, сол уақыттағы сабақты басқа ауд.ауыстыруға болады ма? 3. Кабинеттерде интерактивті тақта шнуры жаңа ноутбукқа сай келмейді. |
1. 1. 6В01505 Биология мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес 4-курстың 7-семестрінде өтетін пәндер бойынша лабораториялық сабақтар жоспарланбаған. Лекция және практикалық сабақтар оқу тобындағы студенттердің контингентіне байланысты сыйымдылығы сәйкес келетін лабораториялық емес аудиторияларға қойылған. 6В01505 Биология мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1-3 курстарында төмендегі лабораториялық жұмыстар жоспарланған: 2020-2021 оқу жылында қабылданған 3-курс студенттерінің оқу жұмыс жоспарында келесі пәндерден: Генетика - 2, Микробиология және вирусология -2, Биологияны оқыту әдістемесі -2, Молекулалық биология -2 сағат көлемінде лабораториялық жұмыс жоспарланған. 2021-2022 оқу жылында қабылданған 2-курс студенттерінің оқу жұмыс жоспарында келесі пәндерден: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы -2, Омыртқасыздар зоологиясы - 2 сағат көлемінде лабораториялық жұмыс жоспарланған. 2022-2023 оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерінің оқу жұмыс жоспарында келесі пәндерден: Жалпы химия -2, Жасуша биологиясы -2, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы -1 сағат көлемінде лабораториялық жұмыс жоспарланған. Жоғарыда көрсетілген 1-3 курстардағы лабораториялық сабақтар биология кафедрасына қарасты 4 лабораторияда өтеді: Зоология (100 аудитория), Микробиология (105 аудитория), Адам анатомиясы және жануарлар физиологиясы (106 аудитория), Ботаника және өсімдіктер физиологиясы (108 аудитория). Сабақ кестесіне сәйкес 1, 3 курстар бірінші ауысымда, 2 курс екінші ауысымда оқитындығына байланысты лабораториялық аудиториялар жеткілікті. 2. Тест орталығының қызметкерлеріне бітіруші студенттерге ҰБТ бойынша алдын-ала тестілеу ұйымдастырылатын кезде қолайлы жағдайды қалыптастыру үшін тәртіпті қадағалау ескертілді. 3. Бүгінгі таңда жаңа ноутбукқа сай келетін арнайы адаптер құрылғылары алынды. Барлық сай келмейтін интерактивті тақталарға жалғанатын болады.
|
А.Кудышева Е.Шаланов |
||||||||||||||||||||
5 |
Рахманова Эльмира 1703-67 тобы |
Тіл курстары ашылса |
Қазіргі таңда ОҚМПУ-да білім алушыларға арналған тілдік курстар түрік тілі бойынша келесі кестеге сай жүргізілуде.
1) 14.11.2022-15.12.2022 жж. аралығында Түркиядағы Гази университетінде тағылымдамадан өтетін ОҚМПУ докторанттары толығымен түрік тілі курстарына қатысты. 2) 06.02.2023-18.02.2023 жж. аралығында Түркиядағы Гази университетінде тағылымдамадан өтуге ниетті магистранттар түрік тілі курсына қатысуда. 3) Түрік тіліне қызығушылық танытқан бакалавриат студенттері үшін 14.11.2022 ж. бастап Speaking Club өз жұмысын бастайды. |
П.Абдуразова |
||||||||||||||||||||
6 |
Жансая 1-курс студенті |
1.Жүз жаңа оқулық кабинеті әлі ашылған жоқ 2. Үйірмелер жабық болады, кесте бойынша барамын 3. КВН үйірмесіне жетекші керек |
1. 27.10.2022 ж. Қоғамдық қабылдау бойынша «100 жаңа оқулық» оқу залы әлі ашылған жоқ» - деген сұраққа жауап ретінде, 01.11.2022 ж. бастап кітапхананың «100 жаңа оқулық» оқу залы оқырмандарға қызмет көрсетіп жатқанын хабарлаймын. 2. Үйірмелер бекітілген кесте бойынша жұмыс жасап жатыр. Білім алушылар кестеден тыс уақытта үйірмеге келіп өздігінен дайындалуға болады. Кесте уақыты төмендегі сілтемеде көрсетілген. https://okmpu.edu.kz/kk/node/4363 3. КВН үйірмесіне қазіргі таңда мамандар қарастырылып жатыр.
|
Х.Шамбулова Б.Исабек |