ОҚМПУ-да ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ ДӘРІСТЕР ОҚИДЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Түркиядағы Гази университетінің профессоры Южел Гелишли мырзаны қабылдады. Гелишли мырза ОҚМПУ білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізу, профессор-оқытушылар құрамына семинар-тренингтер өткізу мақсатында келді.

Оқу орнының стратегиялық серіктесі болып табылатын Гази университетінің проректоры Южел Гелишли мырза Бастауышта білім беру әдістемесі кафедрасы мен Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізетін болады.

Ғалымның ОҚМПУ-дағы жұмысы бір айға жоспарланған. Осы мерзім ішінде ол магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулер жүргізу, рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің жоғары дәрежелі библиографиялық базаларында мақалалар жариялау жолдарын үйретіп, білім алушылармен, оқытушылармен бірлесе ғылыми зерттеулермен айналысатын болады.