БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ МІНДЕТТЕРІ БАЙЫППЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

         Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес жұмысты өтеу міндеттері түсіндірілді. Маркетинг және мансап департаментінің ұйымдастыруымен өткен басқосуға «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері Мария Байсеркешова қатысты.

           Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева кездесуге келген қонақтарды және бітіруші түлектерді білім ордасының 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, биылғы оқу жылындағы бітіруші түлектер жаңа Қазақстанның алғашқы жас мамандары болатынын атап өтті. Кездесу барысында бітіруші түлектер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Басқосу бойынша арнайы хаттама түзіліп, «Қаржы орталығы» АҚ-на жолданды.