ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

           «Қаржы орталығы» АҚ 08.11.2022 жылғы №02-2/5814 хатына сәйкес, Маркетинг және мансап департаменті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаменті өкілдерінің қатысуымен  мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алып,  2023  жылы бітіретін университет  түлектеріне Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының  47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен (ҚР Үкіметінің 01.06.2021 №365) бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, жұмысты өтеу міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары бойынша кездесу өтетіндігін хабарлайды.  

Өтетін күні: 17.11.2022 жыл.

Уақыты: Бакалавр бойынша  сағат- 10:00

               Магистратура бойынша  сағат- 14:00

Өтетін орны: Бас ғимарат, үлкен конференция залы.

 Ескерту: Мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде оқитын  бітіруші түлектерінің түгел (100%) қатысуы міндетті. Жауапты факультет декандары.