ПЕДАГОГ МАМАНДАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ

ПЕДАГОГ МАМАНДАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ

2022 жылдың 8 қарашасында ОҚМПУ бітіруші курс студенттері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Комекбаевпен кездесті.

Модератор, университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қолдауымен ағымдағы «Жастар жылы» аясында атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, бітіруші түлектерге үлкен мүмкіндіктер бар екендігін айтып, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында, спикер Әли Амантайұлы еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты екендігін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келетіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, департамент басшысы бітіруші түлектерге педагог мамандарға да мемлекеттік қызметке тартылу мүмкіндігінің қарастырылғанын және ауылдан шыққан жастарға ерекше қолдау болатындығын түсіндіріп берді. «Жаңа Қазақстан» жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер аясында бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті дәрежеде жауаптар алынды.