Хабарландыру

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды Эссе конкурсын өткізу тәртібі: Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық деңгейде.

Эсселер Abdigappar78@mail.ru электрондық поштаға «Эссе байқауы» белгісімен 2022 жылдың 15 қазанын қоса алғанда жіберілу керек.

Бір қатысушыдан бір ғана эссе жіберілуі мүмкін. Эссеге қойылатын талаптар: - байқау тақырыбына сай болу: - автордың жеке ұстанымын, түпнұсқа идеяларын және эссе тақырыбының стандартты емес перспективасын көрсету; - автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.

Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар: Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін. Жұмыс Word форматы, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль.

Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. 

Өз бағыңды сынап көр!