ОҚМПУ-ДА СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАМЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛДЫ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 4 студенттер үйінде 1439 жатын орын бар. Университеттің меншігіндегі №1 және №2 студенттер үйлерінде 424 орыннан бар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 2019-дің сәуірінде ашылған №4 студенттер үйінде 350 орын, 2019-дың желтоқсанында пайдалануға берілген №5 студенттер үйінде 251 орын бар. Бүгінгі күнге дейін студенттер тарапынан жатақханаға тұруға 1099 өтініш қабылданып, 100% орналасты.

Студенттерді қалған орындарға Univer 2.0 жүйесі арқылы өтініш қалдырып, жайлы жатақханаға орналасуға шақырамыз.

ОҚМПУ әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы жатақханаларды аралап, бөлмелер мен оқу залдарын көріп, студент-жастардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Егерде жатақхана бойынша сұрақ туындаған жағдайда +77077928050 (тел/WhatsApp) хабарлассаңыз болады.