Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы" тақырыбында ғылыми семинар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Н. С. Иманбаевтың жетекшілігімен "Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы" тақырыбы аясында дәстүрлі әр жылғы жалпы қалалық ғылыми семинар өтті.

Аталған семинарда баяндама оқуға келген Алматы қаласы, Математика және математикалық модельдеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Садыбеков пен аталған институттың бас ғылыми қызметкері, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ш. Кальменовке және Н. С Иманбаевқа Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева «ОҚМПУ профессоры» атағын зор құрметпен табыстады.

Сөз соңында академик Т.Ш.Кальменов жас ізденушілерге ғылымның шыңына шығуды тілеп, әрі қарай бұл ғылыми дәстүрлі семинар жалғасын табатынын атап өтті.