ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Гүлжан Сүгірбаева және «Zerdeli International School Shymkent» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Ырысбек Мәуіт Университет студенттеріне іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық меморандумын жасады.

Басты мақсат - университет студенттеріне педагогикалық практиканы ұйымдастыру, болашақ педагогтардың кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру және студенттерге дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың әдістемесін тәжірибеде үйреніп, білімін жетілдіру үшін жағдай жасау болып табылады.