Сoworking орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер игілігі үшін coworking орталығы ашылды.

Орталықты салтанатты түрде университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева және жабдықталуына материалдық көмек көрсеткен «Форте Банк» Акционерлік Қоғамы Шымкент қалалық филиалының басшысы Әнуар Мақұлбаев ашты.

Коворкинг жастардың бос уақытын өткізу үшін, жастар бастамаларын жүзеге асыру үшін ашылды. Атап айтқанда, жастар мұнда түрлі акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, зияткерлік ойындар өткізе алады.

Студентердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін оқу ордамыздың әр ғимаратында студенттік бұрыштар орнатылды.