Жалпы қалалық ғылыми семинар

12.09.2022 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде математика кафедрасының профессоры физика-математика ғылымдарының кандидаты Н. С Иманбаевтың жетекшілігімен "Дифференциалдық операторлар  және олардың қолданылуы" тақырыбы аясында дәстүрлі әр жылғы жалпы қалалық ғылыми семинары өтіледі. Бұл семинарда оқу ордамыздың математика кафедрасының профессоры Н.С. Иманбаев пен PhD Б.Н. Сейлбек  баяндама жасайды.  Аталған іс-шараға арнайы Алматы қаласындағы атақты Математика және математикалық модельдеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Садыбеков пен аталған институттың бас ғылыми қызметкері, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ш. Кальменов және олардың шәкірттері қатысады.