Тәрбие жұмыстары

Жаңа Қазақстан жастар саясатының үздігі

Ақпан айының 24-ші жұлдызы Астана қаласында Bilim orkeniety ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығығының ұйымдастырумен ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ атты жалынды жастарға арналған республикалық форумы өтті.1701-42 тобының білім алушысы Төлбасы Балауса,1701-11 тобының білім алушысы Сатбаева Әйкен 1 дәрежелі диплом мен төсбелгімен марапатталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2022 жылғы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультетінің  4-курс студенті Нұркерім Нұрлан сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасыгың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге Уалихан Жомарт, Нұрсұлтан Битұрсын, Аружан Бұхарбаева, Бану Арапбаева, Аида Асқарқызы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалацияның үгіт-насихат жұмысына белсене қатысқаны үшін Республикалық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

Жылдың үздік студенті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1701-22 оқу тобының студенті,айтыскер ақын,"Күміс домбыра"иегері Болысбек Даниал "Жылдың үздік студенті" атанып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам"атты Қазақстан халқына арналағн жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақөсатында өткізілген "Жылдың үздік студенті" атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Болысбек Даниял Нұрбекұлын құттықтаймыз!

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдер мерекесіне арналған дөңгелек үстел

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нурпеисов Нариман Жұмашұлы жүргізген дөңгелек үстелге кафедра даярлайтын мамандықтың студенттері мен магистранттары, оқытушы-профессорлар қатысты.

Кіріспе сөз сөйлеп, іс-шараны ашып берген  университеттің Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Қашқынқызы Исабек өз сөзінде Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған ерен еңбектеріне, елінің ертеңіне алаңдаған көңілінен туған өлеңдеріне тоқталды.85 жылдық тарихы бар университет ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы ғалым, кафедра ұстазы Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы өзі куә болған тарихи оқиғалармен, маңызды мәліметтермен, А.Байтұрсынұлының атын атауға тиым салған сонау кеңестік кезде ұстаздарының жанкешті еңбегімен, ерлік істерімен бөлісті. Жиынға қатысушылар сілтідей тынып, ғалым-ұстаздың ғибраты мол әңгімесін қызыға тыңдады. А.Байтұрсынұлының қазақ филологиясына, оның ішінде қазақ әдебиеттану ғылымына сіңірген өлшеусіз еңбегін тарқата айтқан   Құлбек Ергөбекұлы ұлт ұстазының "Әдебиет танытқышына" айрықша тоқталды.

Дөңгелек үстелді Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы  қорытындылады. Ұстаздар қауымы мен білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, оның алғашқы күнінің осындай игілікті іс-шарамен басталғанын айрықша атап өтті. Жиынға атысушыларға өз алғысын білдірген факультет деканы А.Байтұрсынұлындай ұлт ұстазын  ұлықтау  іс-шаралары өз жалғасын табатынын,  академиялық топтарда тәлімгерлік сағаттар мен тәрбиелік маңызы бар үлкен іс-шаралар жоспарланып отырғанын жеткізді.

2022 жылы 15 қыркүйек күні сағат 16:30-де «Тұмар» ғимаратының, 221 дәрісханасында, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын филология факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттеріне насихаттау мен түсіндіру мақсатында факультет деканы Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызының модераторлығымен «Қазақстанның бағдарын белгілеген  Жолдау» тақырыбында семинар өтті.  Семинар барысында  қазақ тілі мен әдебиеті  кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты  Мамыт Амангелді Алтыбайұлы  «Еліміздің басты құндылығы -адам» тақырыбында,  орыс тілі және әдебиеті  кафедрасының доценті, филология  ғылымының кандидаты Абдыханов Уалихан Кибраевич «Время созидания и прогресса, мира и согласия»,  шетел тілі  кафедрасының меңгерушісі Дилдабекова Анар Кулбаевна «Полиязычное образование важнейшая стратегия развития Казахстана», ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Халмирзаев Ербол Эркинович «Мемлекеттің әділ, ұлттың бір тұтас болуы болашақ жастар қолында» атты баяндамаларымен жолдаудың саяси және экономикалық аспектілеріне тоқталып өтті.Білімгерлер атынан қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Жұмабайұлы Дархан жарыс сөзге шығып,жастарды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Желтоқсан айының 15-жұлдызы оқу ордамызда Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай “Тәуелсіздік -қасиеттім,қастерлім!”мерекелік концерті өтті.

 Мерекеге орай салтанатты жиында филология ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-30 жыл» төсбелгісімен, факультет деканы Оразбаева Эльмира Бейсенбаевна Ректор Алғыс  хатымен,«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Алғыс хатымен Киясова Калия Куралбаевна, Абрамова Галина Иосифовна,Маханова Гульбану Бисенбаевна, «ОҚМПУ-не 80 жыл» медальімен Қонқабаева Гүлназ марапатталды. 
 Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

 

ОҚМПУ филология факультетінің еншісіне берілген «Тұмар» ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Екі мыңға жуық студенттердің және болашақтағы мыңдаған білім алушының бағына жаңа, заманауи ғимарат сыйлаған басшымыз  Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы салтанатты жиында құттықтау сөз сөйледі. Ардагер ұстаздар ғимараттың тұсауын кесті. Филология факультетінің түлегі, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі, айтыскер ақын Нұрғали Әнапия жырдан шашу шашты. Өнерпаз жігіттердің орындауындағы “?уылым?? әні көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған сәнді оқу корпусы ұстаздар мен студенттердің көңіліне қуаныш сыйлады.

  Тұмар ғимаратында білім алған шәкірттердің ғылым мен өнер жолында алда боларына сенеміз!

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Филология факультетінің 1-курс студенттеріне "Арнау" кеші өтті.

Университет басшылығы бастаған құрметті қонақтарды жайылған ақ дастарханымен күтіп алған факультет өнерпаздары алғашқы сәттен-ақ көрермен көзайымына айналып үлгерді. Көңілді шоумен басталған кештің әуезді ән мен жыры, мәнерлі би мен күйі, жайдарманның қызықты әзілдері мен сұлу қыздардың флешмоб биі көрермен есінде сақталары сөзсіз.

Мерекелік концерт соңы білімгерлерге арналған би алаңына ұласты.