Қайта даярлау курсының түлектері

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогтік қайта даярлау курсы ашылған болатын.

Курста педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар тұлғалар педагогтік қайта даярлаудан өтуіне болады. 2020-2021 оқу жылында курсқа 3 білім беру бағдарламасы бойынша 9 тыңдаушы қабылданып, қайта даярлаудан өтті.

2021-2022 оқу жылында 6 білім беру бағдарламасы бойынша 12 тыңдаушы қайта даярлаудан сәтті өтіп, университет ректоры Г.Д.Сүгірбаеваның қолынан сертификаттарын алып, педагог ретінде кәсіби қызметпен айналысу құқығына ие болды.

Курс университеттің базасында күндізгі нысан негізінде онлайн түрде 6 айға созылды. Оның 10 аптасын мектепте кәсіптік практикадан өтті.

Түлектерге сәттілік тілейміз.

Ұстаз деген ұлағатты есімге ие болғыңыз келсе, ОҚМПУ-ға келіңіз!