Ректор Әлем чемпионын жеңісімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Физика- математика факультетінің 1-курс студенті Бақдәулет Орынбасаровты жеңісімен құттықтады.

Бақдаулет Алматы қаласындағы 21-29 мамыр аралығында өткен ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионатына қатысып, 1-орынмен топ жарған болатын.

Ректор ханым чемпион жігіттің алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.