Үздік педагог-2022

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығының мерейтойлық рәсімінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бірқатар оқытушылары марапатқа ие болды.

«Тарих және педагогика» факультеті «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры п.ғ.д. Молдабек Құлахмет, профессор п.ғ.к. Рабиға Кенжебекова ТМД ғылыми білім беру мекемелері арасындағы «ІІ халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог-2022» байқауына қатысып, «Үздік педагог-2022» төс белгісімен және І дәрежелі «ІІ халықаралық кітап басылымы» дипломымен марапатталды.

ОҚМПУ ұжымы ғылым мен білім жолында аянбай еңбек етіп, шәкірттері мен әріптестеріне үлгі болып жүрген қадірлі профессорларды марапттарымен құттықтайды!