ХАБАРЛАНДЫРУ

  

«ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2022»

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті оқу ордамыздың 85 жылдық мерейтойына орай, үлгерімі ең үздік студенттерге 2022 жылдың жаз айларында жазғы мектеп аясында Түркияда білім алу мүмкіндігін сыйлайды!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

2. 18 жастан асқан болуы;

3. 2021-2022 оқу жылында 2-3-курсты бітіріп жатқан студент болуы (бакалавриат);

4. 2021-2022 оқу жылының қысқы сессияларының қорытындысымен жалпы алғанда орташа баллдың (GPA) көрсеткіші 3,5 және одан жоғары болуы;

5. Түрік тілін білуі.

 

*Осы шарттардың біріне сәйкес келмеген жағдайда, үміткердің өтініші қарастырылмайды.

Өтініш беру құжаттары:

1. Түйіндеме (резюме) (еркін форматта);

2. Жеке куәлік / ҚР азаматының паспорты көшірмесі;

3. Транскрипт (мөрмен расталған).

Бағалау:

  1. Түркия тарапынан түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы, сұхбат жүргізіледі.
  2. Жалпы алынған орташа балл (GPA) есепке алынады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

9 маусым 2022 жыл, сағат 18:00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау орны:

ОҚМПУ, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі, «Д» корпусы, 2-қабат, 205-кабинет.