«Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2022 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстық құжаттама «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) (www.ncste.kz/ru/competition) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған.
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2022 жылғы 6 маусым.
Өтінімдерді қабылдау аяқтау мерзімі – 2022 жылғы 5 шілде (қоса алғанда).
Конкурстық өтінімдер Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2022 жылғы маусымның 6-нан бастап шілденің 4-і аралығында +7(7172)76-85-78 (Ракишева А.Б.), 26-63-59 (Керимбаев А.Р.), 76-85-76 (Омаров К.К.) телефондары бойынша (күн сайын сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша), сондай-ақ онлайн конференциялар арқылы (күн сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша, сілтеме: Zoom конференциясының идентификаторы: 810 8633 5329, қосылу коды: 951722) алуға болады.