«ROBO-ОҚМПУ» жарысы өтті

          Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде физика- математика факультетінің ұйымдастыруымен бүгін робототехникадан қызықты сайыс өтті.

       Оған Шымкент қаласындағы мектептердің 4-7 сынып оқушылары қатысты. Университет биылғы оқу жылын «Ғылым жылы»деп жариялаған. Осыған байланысты білім-ғылым интеграциясы аясында ЖОО-ы мен орта мектептердің байланысын нығайту мақсатында заманауи білімді насихаттауға бағытталған «ROBO-ОҚМПУ» жарысы ұйымдастырылды.

       Сайысты университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Шымкент қаласы бойынша 20 мектептің оқушылары және Робо Суммо бойынша 34 команда, Кегельринг бойынша 7 команда қатысты. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.