Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды
- Кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына:
- “Физика” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Биология” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Химия” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “География” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Шетел тілдері” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Ағылшын тілі” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Мектепке дейінгі және арнайы педагогика” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- “Музыкалық білім” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.
- Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD (философия докторы), профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
- «Математика» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Информатика» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Биология» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Химия» кафедрасы – 1 бірлік;
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы – 1 бірлік;
- «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасы – 3 бірлік;
- «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Шетел тілдері» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Ағылшын тілі» кафедрасы – 3 бірлік;
- «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы – 1 бірлік;
- «Психология» кафедрасы – 2 бірлік.
- Ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылыми кандидаты, PhD)
ҚР мәдениет қайраткері (мәдениет саласының үздігі) немесе Еңбек сіңірген жаттықтырушы спорттық атағы бар профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
- «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы – 3 бірлік;
- «Музыкалық білім» кафедрасы – 2 бірлік.
4. IELTS немесе халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар аға оқытушының бос қызмет орнына:
- «Шетел тілдері» кафедрасы – 2 бірлік.
5. Магистр және аға оқытушының бос қызмет орнына:
- “Математика” кафедрасы – 1 бірлік;
- “Биология” кафедрасы – 2 бірлік;
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы – 2 бірлік;
- “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы – 3 бірлік;
- «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасы – 2 бірлік;
- «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы – 2 бірлік;
- “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: әлеуметтану мамандығы - 1 бірлік, философия мамандығы – 1 бірлік;
- «Психология» кафедрасы – 1 бірлік;
- “Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” кафедрасы – 1 бірлік.
Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі не болмаса ғылыми атағы бар және білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).
Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:
1. Ректордың атына өтініш (еркін нысанда);
2. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
3. Өмірбаян;
4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
5. Тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
6. Еңбек қызметін растайтын құжат;
7. Соңғы 4 жылдағы біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған жағдайда) туралы сертификаттары;
8. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
9. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
10. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
12. №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
13. Бағдарлама (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық есем);
14. Фото 3*4 – 1 дана.
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет (Казпочта арқылы), info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 20.04.2022ж., сағат 15.00-ге дейін.
Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады