Құрметті білім алушылар!
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысын басшылыққа ала отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі барлық білім беру бағдарламалары бойынша 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі аралас оқыту форматында ұйымдастырылатындығын хабарлайды:
- 1 курс, бакалавриат:
- оқу практикасы - 31.01.2022-13.02.2022 ж. күндері аралығында;
- теориялық оқу - 14.02.2022 ж. күннен басталады.
- 1 курс, магистратура және докторантура:
- теориялық оқу - 24.01.2022 ж. күннен басталады.
- 2 курс, бакалавриат:
- психологиялық-педагогикалық практика - 31.01.2022-13.02.2022 ж. күндері аралығында;
- теориялық оқу - 14.02.2022 ж. күннен басталады.
- 3 курс, бакалавриат:
- педагогикалық практика 31.01.2022-27.02.2022 ж. күндері аралығында;
- теориялық оқу - 28.02.2022 ж. күннен басталады.
Білім алушылар келесі мәселелерге назар аударуы тиіс:
- Короновирустық инфекция және басқа да вирустық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда білім алушылар жеке өтініші негізінде уақытша қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі;
- Университеттің оқу ғимараттарына және Студенттер үйіне кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады;
- Ғимаратқа кіреберісте күн сайын термометрия қолданылады;
- Міндетті түрде бетперде тағу талабы қойылады:
- Әлеуметтік қашықтық режимі сақталады;
- Барлық ғимараттарда орнатылған қолды залалсыздандыруға арналған антисептигі бар санитайзерлерді пайдалану талап етіледі.
Қосымша ақпаратты тиісінше факультеттердің деканаттарынан алуға болады.