Факультет деканының міндетін атқарушы
ТАУТАЕВА ГҮЛДАРИҒА БАТЫРШАҚЫЗЫ
педагогика ғылымдарының кандидаты
Гүлдариға Батыршақызы Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде дүниеге келген.
1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтын бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қызыл дипломға бітірген.
1994 жылдан аталмыш университетте қызмет атқарады.
2010 жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің диссертациялық кеңесінде 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру) бойынша бастауыш мектепте «Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қорғап шықты.
Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары
Сейдаева Айжан Нышаналықызы
оқытушы, магистр
Сейдаева Айжан Нышаналықызы 07.05.1980 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Екпінді елді мекенінде дүниеге келген. Тұрмыс құрған, 1 қыз, 1 ұлы бар. Психология кафедрасында оқытушы
Айжан Нышаналықызы 1997 жылы Түркістан облысы, Төле би ауданына қарасты «Екпінді жалпы орта мектебін» бітірген. 2005 жылы Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірген.
2011 жылы Академиялық инновациялық университетінің «6М010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша Педагогика және психология магистрі» академиялық дәрежесін алып шықты.
Еңбек жолын 2008 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де оператор қызметінен бастаған.
2009-2011 аралығында Академиялық Инновациялық университетінде 2011 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Е.Қойшиевтің жетешілігімен Педагогика және психология мамандығы бойынша «Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдары» тақырыбында магистрлік қорғаған.
2011 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы қызметін атқаруда.
«Психология тарихы», «Даму психологиясы», «Психология» атты 3-оқу әдістемелік құралының және 10 нан астам ғылыми мақалалардың авторы.
2022 оқу жылынан бастап, «Тарих және педагогика» факультетінің декан орынбасары болып тағайындалып, қызмет атқаруда
Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары
Еркеқұл Жансая Молдабекқызы
педагогика ғылымдарының магистрі
Еркеқұл Жансая Молдабекқызы Қазақстан Республикасының азаматшасы. 19.03.1996 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, А.Қалыбеков а/о дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Тұрмыс құрған, 1 қыз, 1 ұлы бар. Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы
Оқу мерзімі: 2013-2017ж. ж.; 2017-2019 ж. ж.
Оқу мекемесінің атауы:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Мамандығы: 6В01101 Педагогика - психология
Еңбек жолы:
- №162 С.Байжанов атындағы мектеп - гимназия. (Өзін-өзі тану пәні мұғалімі)
- Магистр-оқытушы (08.09.2021 ж. қазіргі күнге дейін) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.