Лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды:

13.12.2021ж

  1. Ғылыми зерттеулер офисінің басшысы;
  2. Кітапхана басшысы;
  3. Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы;
  4. Коммерциализация бөлімінің басшысы;

Бөлім басшының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білімі және мамандық саласы бойынша жұмыс өтілі  кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» ,  «Ғылым туралы» ,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»  заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).

Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:

1. Ректордың атына өтініш (еркін нысанда);

2. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

3. Өмірбаян;

4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

5. Тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

6. Еңбек қызметін растайтын құжат;

7. Соңғы 4 жылдағы біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған жағдайда) туралы сертификаттары;

8. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);

9. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;       

10. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);

12. №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

13. Бағдарлама (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық есем);

14. Фото 3*4 – 1 дана.

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет (Казпочта арқылы),  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 28.12.2021ж., сағат 15.00-ге дейін.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады