Медиа орталық

 

Медиа орталық

Медиа орталығы - білім ордамыздың  биік  имиджі мен қоғамдық ортада оқу орны туралы оң пікір қалыптастыру және насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізеді. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі телеарна, радио және мерзімді басылымдарда ақпараттандыру жұмыстарын жариялап,  БАҚ-қа толық  және жан-жақты ақпаратты жеткізуге, оларды жариялауға ықпал етіп отыр.
Медиа орталығының пәрменді жұмысының арқасында ірі шаралар, студент  жастардың флеш-мобы, танымал тұлғалармен болған кездесулер, қызықты ашық сабақтар туралы, көңілді тапқырлар командасының ойындары, жас модельердің сән үлгілері және өзге де қызықты оқиғалар телеарналар мен газет беттерінде дер кезінде көрініс тауып жатады.
Медиа орталығының басшысы қызметін Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ләззат Жорабекова атқарады.
Университеттегі медиа орталығының көмегімен бүгінгі таңда педагогика саласындағы  ғылыми жаңалықтар мерзімді басылым беттерінде  дер кезінде жарияланып, насихатталуда. Сондай-ақ ақпараттандыру ісі әлеуметтік желілерде де  белсенді жүргізілуде. Әсіресе Инстаграмм, Фейсбук және  Телеграмм желісінде  білім ордасының жетістіктері мен ондағы айтулы оқиғалар үздіксіз жарияланып келеді. Онда университет ректоры, факультеттер мен кафедралардың жеке парақшалары ашылған.   Өз ісіне аса жауапты және белсенді ұстаздар телебағдарламаларға қатысып, жаңалықтар қызметі арқылы эфирге шығуда. Профессорлар мен жас ғалымдар да өз еңбектерін БАҚ-ы бетінде жариялап, педагогикалық әдістемелерімен және жаңашыл тәжірибелерімен бөлісіп келеді.   Университетіміздің медиа орталығы білім ордасындағы қоғам үшін аса маңызды болған әрбір ақпаратты шұғыл әрі шынайы жеткізудің әрбір тиімді мүмкіндігін пайдалануда.

Қызметкерлері

Жорабекова Ләззат Рүстемқызы

Медиа орталық басшысы

E-mail: lyazzat.gr@mail.ru

Телефон: 8(701) 495 7735; ішкі: 713

Енжанова Жансая Қозыбекқызы

Медиа орталық маманы

E-mail: enzhanova@mail.ru

Телефон: 8(702) 162 4410;

Сейдахметов Бағдат Орынбасарұлы

Видео оператор

E-mail: baha_2504@mail.ru

Телефон: 8(777) 770 0706

 

Абуов Жауынбек Мамедалиулы

Видео оператор

E-mail:

Телефон: 8(701) 420 5112