Ибашова Альмира Байдабекқызы
Ибашова Альмира Байдабекқызы 1969 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Қараспан ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1976-1986 жылдары М.Горький атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1986 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1991 жылы математика және есептеу техникасы мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары Бөген ауданы, Қайнар ауылы, М.О.Әуезов атындағы орта мектепте математика және информатика мұғалімі болып бастады. 1992-1996 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының алгебра, информатика және есептеу техникасы кафедрасына, 1996-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында «Ақпараттандыру» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университеті «Ақпаратттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті.
2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / информатика/ мамандығы бойынша «Методические основы обучения информатике учащихся первых двух лет начальной школы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2011-2014 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында информатика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасады.
2014-2016 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болды.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Физика-математика» факультетінің деканы.
Альмира Байдабекқызы соңғы бес жылда 61-ге жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның ішінде Скопус базасындағы журналдарда – 2, білім беру саласындағы процентиль 35 тен жоғары; Комитет ұсынатын басылымдарда – 10; Шетелдік халықаралық конференцияларда – 3, 2 монография мен 2 оқу құралы жарық көрген. Сонымен қатар магистранттар мен студенттермен бірлесіп дайындалған 30-ға жуық баяндамасы халықаралық және республикалық деңгейдегі конференция материалдарының жинақтарында жарияланған.
Альмира Байдабекқызын студенттер, магистранттар және докторанттарға ғылыми жетекшілік ететінін де атап кеткен жөн.
А.Б.Ибашова өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Атап айтатын болсақ, Абай атындағы КазҰПУ ұйымдастыруымен білім беруді ақпараттандырудың бағыттары бойынша, NIS «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдерді даярлау бойынша ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, сонымен қатар Германияда ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы бойынша тағылымдамадан өтті.
Ибашова Альмира Байдабекқызының жетекшілігімен ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2021-2023 жылдарға ұсынылған гранттық қаржыландыру конкурсының негізінде «Smart-білім беру жағдайында "Scratch" және "Робототехника" курстары бойынша бастауыш мектепте ақпараттық білім ортасын әзірлеу» атты жоба грант ұтып алынды. Жалпы жобаның жүзеге асыру барлық мерзіміне: 32 млн. 917 мың, 618 теңге, 50 тиын берілген.