Жаңалықтар

 

«КҮМІС ДОМБЫРА» АЙТЫСЫНАН ЖҮЛДЕ!

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәйгеде жастар жарқырай көрінді. 

Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Төл өнеріміз айтыстың жас буын өкілдері арасында жаңа есімдермен толығуына үлес қосып, дарынды жастарды қолдау. 

Аталмыш айтысқа 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын бақтарын сынады. Қатысушыларға белгілі айтыскер ақындар мен елімізге танымал қоғам белсенділері өз бағасын беріп, қазылық етті.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

Сайыс нәтижесі бойынша оқу ордамыздың айтыс үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы) 3-ші орын.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер және білім факультеті  мен "Қоғамдық кәсіптер даярлау" орталығының ұйымдастыруымен  «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнер» кафедрасы «Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы  бойынша 2-курс студенттері Жуасбек Дана, Әбілов Аманжол, Сыдықов Мейірбектің  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  «Өнерге жол» шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің шымылдығын  университеттің басқарма  төрағасы  – Ректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүгірбаева Гүлжан  Дәулетбекқызы ашып берді.   
«Игі істің басына  -  жақсы келер қасына» демекші,  көрмеміздің ашылу салтанатына келген қадірлі қонағымыз Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директорының орынбасары Самсаев Иса Мұсаұлы сөз сөйлеп, жас дарындарға ізгі тілегін білдірді.  Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның"

 

                                         Білім күніне арналған мерекелік онлайн-концерт

 

 

                             ОҚМПУ. Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы."Айтыс"үйірмесі.

 

 

                                                     1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні құтты болсын!

             Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Есіңе мені алғайсың" іс-шарасы ұйымдастырылды

 

М.Мақатаевтың 90 жылдығына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ұжымының тартуы

 

                          «Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік – ерлігім» атты мерекелік онлайн-концерт

 

                                      1 ЖЕЛТОҚСАН - ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

 

            Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының 17 қараша-Халықаралық студенттер күніне арнауы!

 

                     "Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік" атты ұстаздар күніне арналған мерекелік онлайн-концерт