13.12.2023ж. күні «Рухы биік желтоқсаншылар және Өзбекәлі Жәнібеков» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «IS QOLDAY» әйелдер бастамаларын қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алма Архабаева, «Желтоқсан Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінінің мүшелері Муратбек Шекербеков, Галимат Шомаева, Ниязбек Наханов қатысып, Желтоқсан оқиғасы туралы ойлары мен естеліктерін айтты. Дөңгелек үстелге қатысқан тарих және педагогика, физика-математика, жаратылыстану, дене шынықтыру және спорт факультеттерінің студенттеріне Өзбекәлі Жәнібеков туралы «Өмір жолы» және «Желтоқсан ақиқаты» деректі фильмдерін көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 85 жылдығына арналған «Шежірелі шаңырақ» кітабы мен «ОҚМПУ елшісі» төсбелгісі тапсырылды.
6.12.2023ж. «Coworking» орталығында Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог мамандары – Көбей Дәулетұлы, Серік Бекеуілов, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Сапарханұлы және университет білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
6.12.2023ж. күні Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында прокуратура қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараға Шымкент қаласының прокуратура басқармасының прокурорлары Берденов Қанат, Бекболат Исатай, Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жазира Жаппарқұл, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Сапарханұлы және университет білім алушылары қатысты.
15.11.2023 ж. күні Астана қаласында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты VIII Республикалық әкелер форумы өтті. Форум жұмысына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Қ.Исабек және Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры Қ.С.Анарбаев қатысты. Биыл 8-ші рет өткен жиынға ҚР Парламенті депутаттары, еліміздегі танымал қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Біздің елден бастау алған форум салмағын
халықаралық және көршілес мемлекеттердегі отбасы және әлеуметтік мәселелер бойынша беделді ұйымда мамандарының қатысуы одан ары арттыра түсті. Жиын қатысушылары әкелердің қоғам мен отбасыдағы орны мен жауапкершілігінің төмендеу үрдісінің байқалуына алаңдаушылықтарын білдірді. Орта Азия мен Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылыққа жол бермеудің құқықтық және дәстүрлі жолдары бойынша пікірлер алмасты. Форум аясында «Орталық Азиядағы ер азаматтар: Тарих, мәдениет, заманаулық» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
12.10.2023ж. күні «Шаңырақ» оқу ғимаратының Мұхтар Шаханов орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің жастармен кездесуі болды.
Бұл кездесудің студенттер мен оқытушылар үшін маңызы зор. Мамандар оқу сессиясы, басқа да кезеңдерде оқу-бағалау процесі мәселесін білім арқылы емес, теріс және оңай әрекеттермен шешкісі келетін пиғылдың соңы өкінішті жайттарға ұласатынын деректермен мысалға келтірді.
Кездесуде департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимылдағы жастардың рөлі туралы кеңірек түсінік берді. ОҚМПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қайрат Анарбаев «Парасаттылық — заман талабы» тақырыбында баяндама оқыса, М. Әуезов атындағы ОҚУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы, жас ғалым Әзімхан Исабек Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы парасаттылық құндылықтары туралы ой қозғады.
Іс-шараны университеттің басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Қашқынқызы Исабек жүргізіп отырды. Жиын соңы студенттердің сұрақ-жауап кезеңіне ұласты.
06.10.2023 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков орталығында» қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының 300 жылдығы және қазақ батыры Тоғанас Сабдалыұлының 350 жылдығығына орай «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға еліміздің Астана, Алматы, Тараз қалаларынан, жоғары оқу орындарынан ғалым-тарихшылар қатысуда. Зерттеушілер басқосуда тарихи оқиғаның мән-маңызы мен қазақ би-батырларының қайраткерлік рөлі, тұлғатану мәселесі туралы пікір білдіруде. Сондай-ақ , қазақ-жоңғар соғысының батыры Тоғанас Сабдалыұлының қолбасшылық ерлік жолдарына тоқталып, кейінгі ұрпаққа насихаттау жолдарын ұсынуда. Батыр атының Сіргелі руына ұран болғандығына ғылыми дәлелдер келтірілуде.
Университетте батыр ерлігін паш ететін ғылыми зерттеу еңбектері көрмесі ұйымдастырылған. батыр туралы тарихи-деректі фильм көрсетілді.
19.09.2023ж. күні Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде студенттер мен ардагерлердің кездесуі өтті. Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.Жобаның мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, жастардың патриоттық сезімдерін жоғарылату, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болып табылады. Кездесуге Шымкент қаласы Қарулы күштерінің құрметті ардагері, қарулы күштер РҚБ ШФ төрағасы, Шымкент қаласы 11 қоғамдық бірлестіктер коалициясының төрағасы – Серікбай Оңбаев, патриоттық қозғалыс “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының төрайымы Гүлмира Оспанова Семей сынақ ядролық полигонының ардагері Өмірхан Қарабеков қатысты. Арадагерлер отты жылдар естелігін жаңғыртып, жастарға өнеге айтты. Ал, тәжірибелі мамандар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, студенттер сауалына жауап берді.
15.02.2023 күні «Жүрек, қан-тамыр аурулары» бойынша арнайы лекторий ұйымдастырылды. Лекторий қонақтары Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институтының мамандары мен білімгерлері болды. Олар тарапынан студенттерге «Қан-тамыр ауруларының алдын-алу», «Кенет өлім жағдайында алғашқы көмек көрсету тәртібі», «Қазіргі заман адамының тамақтануы», «Қант диабетінің белгілері және ерте анықтау жолдары» тақырыптарында лекция оқылды, ондай аурулардың белгілелері байқалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек бойынша кеңестер берді.
11.02.2023 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылындағы Дінмұхаммед Қонав атындағы орта мектепте п.ғ.д., Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, профессор Құлахмет Молдабек атындағы кабинеттің ашылу салтанаты өтті. Кабинеттің ашылу лентасын ОҚМПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, п.ғ.д., профессор Л. Сманов, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, т.ғ.к. Анарбаев Қайрат және мектеп директоры Рахманкулова Жадыра Абдисерікқызы кесті. Академик Қ. Молдабек атындағы кабинетінің ашылуына ауыл ақсақалдары, ұстаздары, сыныптастары, ағайын-туысқандары мен ОҚМПУ-нен бір топ әріптестері және шәкірттері қатысты. Аталған мектептен 23 ғылым кандидаттары мен докторлары, академиктер шыққан. Тарихы терең мектеп кабинеті тамаша жабдықталған.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары тарапынан көпшілікке ұрпақтарсабақтастығынан хабар беретін мағлұматтар беріліп, арнайы концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілуде. Осы бағыттағы кезекті кездесу Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өтті. Іс-шараға қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етті. Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша Саll орталыққа хабарласу қажеттігін айтты. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды. Аталған іс-шараға ЖОО-ның ректорат мүшелері мен 150-ден астам оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
2022 жылдың 2 қараша күні сағат 11:00-де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Жастар - біздің болашағымыз» атты рухани семинар өтті. Семинарға ОҚМПУ ұжымы және студент жастары қатысты.
Жиналған жұртшылыққа ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы тарапынан «Жастар - біздің болашағымыз» тақырыбында арнайы дәріс өтті. Өз дәрісінде шешен ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие мәселелеріне және ондағы қолданылған этнопедагогикалық әдіс-тәсілдердің асыл дінімізбен қабысатын тұстарына ерекше тоқталды.
Семинар қорытындысында ОҚМПУ ректоры ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімімен Наурызбай қажы Тағанұлына ОҚМПУ «Құрметті профессоры» атағы берілгенін жұртшылыққа хабарлап қонаққа арнайы диплом тапсырды.
Университеттің құрметті қонақтар аллеясында ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз қарағай ағашын отырғызды.
31.10.2022ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарихтан тағылым» тақырыбындағы жобалық лекторийдің қорытынды іс-шарасы болып өтті. Жиынға Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев модераторлық етті.
Жоба Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының арнайы кестесіне сай өткізілді. Қала университеттері мен орта арнаулы оқу орындары ұстаздары мен студенттер қатысқан шараға басқармасы басшысы Мұратжан Шотанов пен Түркістан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және еңбек ардагерлері келді.
Тағылымды жиында жастардың назарына қазақ елінің тау тұлғалы азаматтарының ерен еңбегі жайлы баяндамалар оқылды. 30 студентке Шымкент қаласы қуғын-сүргін музейі мен Д.Қонаев мұражайына арнайы жолдама берілді.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Егеменділік - ерен ерлік» атты республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Кеш шымылдығын салтанатты түрде оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, көпшілік қауымды мерекемен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Оқу ордасының ардагер ұстаздары физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Рамазанова мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкинге ОҚМПУ Профессоры атағы берілді.
Ал ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор міндетін атқарушы Баян Уалиханова мен ағылшын тілі кафедрасының Phd, аға оқытушы Маржан Дуйсеноваға «Жас ғалым» жобасы бойынша конкурста жеңіске жеткені үшін «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» Ұлттық ғылыми кеңесі төрағасының құттықтау хаты табысталса, бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер ректордың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 25-қазан – Республика күніне орай «Жаңа Қазақстанның тірегі - жалынды жастар» атты жастар форумы өтті. Жиынға стратегиялық даму және тәрбие істері жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті.
Аталған іс-шара мерекенің тарихымен таныстыра отырып жастарды белсенді өмір сүруге, елге қызмет ету мен патриоттық сананы кеңейтуді көздейді.
Кездесу барысында университеттің тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев «Республика күнінің тарихи мәні» тақырыбында баяндама оқыды. Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі жайлы баяндады.
Сонымен қатар, «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының жеңімпаздары мен «Үздік Магистрант» байқауының жеңімпаздарын марапатталды.
Форум қонақтары өнерлі студенттердің концерттік қойылымын тамашалап, патриоттық әндер тыңдады.
6.10.2022ж. 10:00-де Шымкент қаласының аудандарында (Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби) орналасқан оқу орындарының жастарымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жобасы өтті. Бүгінде әлем жұртшылығын назарға іліктерген мәселелердің бірі діни экстремизммен күрес. Қазақстан үшін де діни экстремизмге қарсы тұру және алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым-бағыттарының бірі. Осыған сәйкес, заңнамалық база жетілдіріліп, көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданып жатыр.
Жобаға университетіміздің атынан «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімінің басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы және Бесбаев Мәди қатысты. Қайрат Сапарханұлы қазіргі таңда өзекті болып отырған ұлтаралық қақтығыстарды алдын-алу мәселелері бойынша тоқталып өтті.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отырған белгілі халық жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, баспасөз баһадүрі Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған физика-математика факультеті мен университет кітапханасы бірлесіп өткізетін «Қазақтың Шерағасы» атты оқырмандар семинары өтті.
Семинар жұмысына қатысқан «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімінің басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев жастарға тұлғаның жазушылық, мемлекет қайраткері ретіндегі қырлары мен елге сіңірген еңбегі туралы мазмұнды ақпараттар берді.
2021 жылдың 26 күні сағат 11-30 үлкен мәжіліс залында университет басшылығының және «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен халықаралық деңгейдегі «Бесқару» этно-fest семинар жобасы аясында ОҚМПУ ұжымы мен студенттерінің ф.ғ.д., Түркология және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, ҚР Көркемөнер академиясының академигі Абдрайымов Әбдірашит Бәкірұлы, этнограф ғалым, ұлттық қару түрлерін жасаушы қолөнерші, темірші Құлментегі Махмұд шетелдік және отандық деңгейде ұлттық рухани құндылықтар мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдармен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарында көрсетілгендей ұлттық, мемлекеттік құндылықтарды тану, насихаттау мен дәріптеу. Кездесу соңында Қырғыз «Манасшысы», ф.ғ.д., профессор Бакчиев Талантаалы Манас жырынан үзінді жырлап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
2021 жылдың 25-27 қазан күндері Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Шымкент қаласы, «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы өтті. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағаты өткізілді. Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылар ф.ғ.д., Түркология және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, ҚР Көркемөнер академиясының академигі Абдрайымов Әбдірашит Бәкірұлы, этнограф ғалым, ұлттық қару түрлерін жасаушы қолөнерші, темірші Құлментегі Махмұд шетелдік және отандық деңгейде ұлттық рухани құндылықтар мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар – университетіміздің оқытушысы, ф.ғ.к. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы, оқу ордамыздың оқытушысы, «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы м.а., т.ғ.к. Анарбаев Қайрат Сапарханұлының қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды. Үш күнге созылған іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту мақсатында атқарылып отыр. Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысты. Талантаалы Бакчиев-көрші қырғыз елінің тумасы. Өз елінің тарихын зерттеп, зерделеп жүрген азамат. Айырқалпақты ағайынның шоқтығы биік шығармасы, Манасты терең танып, насихаттауға қосқан үлесі- бір төбе. Ал, сол тарихта қазақ батырлары мен олардың қылыштасу өнері және көне Шымкент шаһарының алар орны ерекше дейді жазушы.
2021 жылдың 21 қазан күні Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің комплеанс офицері Гүлбахыт Дулатова білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өткізді. Өткен шараға оқу ордамыздың басшылары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылып, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы негізгі түйткілді мәселелер талқыланды. «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағын іске асыру үшін Агенттік алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы туралы айтылды. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды, пайда болу жағдайлары жайлы түсіндіріп, ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама беріп, ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау болып саналатынын да айтып өтті. Сонымен қатар, бірнеше сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
2021 жылдың 20 қазан күні оқу ордамыздың басқарма төрағасы – ректор Сүгірбаева Гүлжан Даулетбекқызы мен оқу және оқу әдістемелік проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызының қатысуымен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы талқыланды. Кездесуде университетіміздің аға оқытушылары «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы м.а., т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев және Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті Ә.Тұрашбеков те өз ойларын білдірді.
2021 жылдың 19 қазан күні «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев Түркістан облыстық мемлекеттік архивінде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, т.ғ.д. Светлана Смагуловамен Республикалық комиссия мүшелері ретінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған іс-шараларының бірін ескере отырып, еліміздегі архив саласын одан әрі дамыту керектігі туралы өзара пікір алмасылды.
2021 жылдың 14 қазан күні «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев «Шымкент қалалық жасөспірімдер» кітапханасында заңғар тұлға, жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевтың 75 жылдығына орай өткен «Кемел ойлы, кемеңгер жазушы» атты кездесуге қонақ ретінде шақырылды. Кездесуге келген қонақтар қалам мен қағазды серік еткен жазушының өнегелі өмірі мен шығармашылығы және үздік туындылары туралы жиналған оқырмандар мен жастарға мәнді ой-пікірлерімен бөлісті.
2021 жылдың 14 қазан күні сағат 10.00 де «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев Қазақстан –Шымкент телеарнасының журналистеріне жастардың радикалды –террористік ұйымдарға кетуінің басты себептеріне қатысты сұқбат берді. Сұқбат барысында ұлттық құндылықтар, дін мен дүниетаным және бүгінгі жастардың тәрбиесі жайлы әңгіме өрбіді. Іс-шара барысында мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жастар тәрбиесіндегі орны туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық!
2021 жылдың 10 қараша күні Университетіміздің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі және «Кәсіптік бағдар және мансап» орталығы Шымкент қаласы білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе Бекмұратова Гульнара Кенжетаевнаның ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 лицей мектебінің оқушылары келді. Келген қонақтарымызға археолог Александр Николаевич Подушкин оңтүстік өңірінде археологиялық қазбаларда табылған жәдігерлермен таныстырды, оқушылар одан әрі «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығымен және кітапханамен танысып шықты. Балалар археология бөлімін, музейді, кітапхананы үлкен қызығушылықпен аралап, қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды. Сондай - ақ, шежірелі өлкемнің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу бізге міндет екендігін жете түсінді. Балалар өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды деп ойлаймыз! Шара барысында оқушыларға буклет таратылып, естелікке суретке түсті.
2021 жылдың 28 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ұйымдастырған Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» арналған және түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерді радикалсыздандыру бағытында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғыры» атты 2 күндік байқауда әділ қазылар мүшесі құрамында болды.
Байқаудың мақсаты жазасын өтеушілерді ел тарихының беттерімен таныстыру, адамгершілік пен қоғам алдындағы жауапкершілік, рухани құндылықтар мен құқықты құрметтеушілік мінез-құлықтарына тәрбиелеу. Сонымен бірге діни және қоғамдық өкілдеріне жаңылған адамдарды дұрыс жолға бағыттауды көздейді.
2021 жылдың 20-24 қыркүйек күндері «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев Түркістан облысы, Созақ ауданының сегіз ауылдық округінде іс-сапарда болды. Іс-сапарда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссия мүшесі ретінде Созақ көтерілісіне қатысты халық жадында сақталған тарихи деректерді жинақтау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Аталған шара барысында аудан тұрғындарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында көрсетілген басым бағыттарды насихаттау мен түсіндіру жұмыстары қоса жүрді.
2021 жылдың 16 қыркүйек күні сағат 10.30 да «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаевпен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Парасатты пайым, орамды ой» тақырыбында онлайн сұхбат өтті.
2021 жылдың 14 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан арнасында «Рухани жағыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаев «Жастар және дін» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретінде діннің рөлі айтарлықтай өсіп жатқаны және қоғам санасына діни компонентің қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артып жатқандығы туралы айтылды.
2021 жылдың 13 қыркүйек күні Қ.Р. Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында «Қазақстанды жаңа өрлеуге бастайтын жолдау» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кездесуге «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С.Айтай және «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев қатысты.
2021 жылдың 11 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру және тәрбие» - бөлімі басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы қаламыздағы №68 ЖББОМ-тің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздарына "Ұлттық рух, тарихи сана, ұлттық таным" тақырыбында өткен сұхбатқа қатысты ҚР "Тілдер мерекесі" мен "Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл" қарсаңында өткен іс-шара барысында жастар "Ұлттық құндылықтар, ұлттық сана мен таным Тәуелсіздіктің басты тірегі" екендігі туралы ақпарат алды.
2021 жылдың 9 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап кітапханасында "Қазақстан-Өзбекстан: Тәуелсіздік дастаны" атты Халықаралық конференция өтті. Конференцияға "Рухани жаңғыру және тәрбие" бөлімі басшысының қызметін атқарушы Қ.Анарбаев қатысты. Онда ұлттық рух, тарихи сана, Тәуелсіздік тірегі" атты баяндама жасады. Баяндамада екі елдің Тәуелсіздігін ескере отырып,Өзбекстанда 1,5 млн-дай қазақ ұлт өкілдері, ал, бізде жарты млн-дай өзбек ұлт өкілдері бар екенін айтып, келешекте көршілес елдердің ынтымақтастығын нығайту барысында әңгіме болды. Конференция барысында Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері туралы айтылды.
2021 жылдың 27 тамыз күні Шымкент қаласының №7 Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Парасат жолы" жобасы аясында "Адам құқығының арқауы-Ата Заң" атты дөңгелек үстелге "Рухани жаңғыру және тәрбие" бөлімінің басшысы Қ.С.Анарбаев сұхбат берді.Сұхбат барысында оқырмандардың көкейінде жүрген Ата Заң бабтарын, әлеуетін түсіндіре келе, әлі де пайдаланылмай жатқан тұстары бар екенін, оның әлі құқықтық мемлекет құру жолында көп пайдаланатынымыз туралы айтты. Қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды.