КОНКУРС!!!
2024-2025 оқу жылында республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық
бағдарламасы шеңберінде Еуропаның жоғары оқу орындарында білім алуға 2-3 курс
студенттеріне (қазіргі 1-2-курс студенттері!) (бакалавриат) конкурс жариялаймыз!
ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ,
БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!
Үміткерге қойылатын талаптар:
- ағылшын тілі / түрік тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерге ие болу;
- шекті оқу үлгерімі GPA 3,33.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
1. ҚР азаматының паспорты (көшірме) / жоқ болған жағдайда жеке куәлік (көшірме);
2. Түйіндеме (CV);
3. Транскрипт (мөрмен бекітілген болуы тиіс);
4. Ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін растайтын сертификат:
- ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған
сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL IBT 87+, TOEFL ITP 567+, DET 95+, YUNUS EMRE,
TOMER) немесе шетел тілін оқытатын оқу орталықтарынан алынған сертификат көшірмесі
(B2+).
5. Білім алушының көп балалы отбасыдан шыққандығын растайтын құжат (осы санатқа
жататын студенттер үшін);
6. Білім алушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);
7. Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер
үшін);
8. Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік
танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).
*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.
*5, 6, 7-тармақта көрсетілген шарттар қатысушылардың конкурстық ұпайы тең
болған жағдайда жеңілдік иесіне басымдық береді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 01.04.2024 ж. дейін
***Құжаттар папкаға жинақталып, Интернационалдандыру офисіне қолма-қол
тапсырылады.
Барлық сұрақтар бойынша: Интернационалдандыру офисі, Бас ғимарат, 225-каб.
ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ОФИСІ