ОҚПУ-да тағы бір чемпион!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің денешынықтыру және спорт факультетінің студенті Камилжон Кәрімтаев республикалық спорт жарысында жүлделі бірінші орын биігін бағындырып, ел чемпионы атанды!

Каратэ-до кекушинкайдан ҚР кубогын жеңіп алған ол 16-17 жас аралығында 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Семей қаласында өткен жарыс жеңімпазын алда Арменияның Ереван қаласында 40 шақты мемлекеттің мықты спортшылары қатысатын халықаралық дода күтіп тұр.

«Спорт пен өнер саласы шығармашылық пен нағыз бәсекенің майданы. Олар жарыс арқылы шыңдалады. Сондықтан теориялық біліммен қатар, тәжірибенің маңыздылығын түсініп, жарысқа қатысуын қолдаушы университет басшылығына алғыс білдіремін» дейді факультет деканы Өмірәлі Тұрысқұлов.