"ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА" ФОТОЖОБАСЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Ұлттық педагогика» фотожобасының кезекті қатысушылары — «Өнер және білім» факультетінің музыкалық білім кафедрасының оқытушылары мен студенттері.

Халық мәдениеті мен өнері, дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тарихтың рухани бастауы - ұлттық құндылықтары музыкамен тығыз байланысты. Ал, оны кейінгі ұрпаққа дұрыс жеткізіп, санасына сіңіру білім беру ұйымдарының, өнер саласы педагогтарының негізгі мақсат-міндеті болып табылады.

“Өнер және білім” факультеті, “Музыкалық білім” кафедрасы 4 жыл ішінде музыка негіздерін жетік меңгерген, аспапта кәсіби ойнай алатын, бағыт-бағдары айқын, ұлттық құндылықтарды құрметтей алатын маман даярлап шығарады.