ПРОФЕССОР СӘРСЕНБЕК ТҰРТАБАЕВ 70 ЖАСТА!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жаратылыстану факультеті, химия кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Тұртабаев 70 жасқа толды.

Ардагерді бүгін университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, арнайы құттықтады. «Сіз өз мерейтойыңызға лайықты жетістікпен келіп отырсыз. Еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және әріптестеріңіздің құрметіне бөлендіңіз» деген Гүлжан Дәулетбекқызы мерейтой иесіне гүл шоқтарын табыстап, сый-сияпат көрсетті.

Сәрсенбек Қойшыбайұлы 47 жылын ұстаздық пен ғылым жолына арнаған жан. Оның ғылыми-педагогикалық еңбектері нәтижесінде осы күнге дейін 150-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектер дайындап шығарылған