ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» атты іс-шараға қатысты. Акцияның мақсаты – жастарға синтетикалық есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

— Қазіргі таңда елімізде белең алған синтетикалық есірткінің әсіресе жастар арасында кең таралуы және оның алып келетін салдары мен жауапкершілігін түсіндіру біздің міндет. Қалада 70 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Осы пунктерге 1500 ерікті жасты бөліп, қаланың әр түкпіріндегі аула, көшелерге дейін аралап, есірткі жарнамаларын жоямыз, – дейді Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Сондай-ақ еріктілер қаладағы есірткі тарататын жазуларды жоюмен қатар, есірткі нүктелерін анықтауға қатысып, 10000-дай үнпарақтар таратады.