«Менің жетістігім — менің нәтижем» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті, биология кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің жетістігім — менің нәтижем» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаева, биология кафедрасының меңгерушісі А.Успабаева, «Talant» апгрейд орталығының әдіскері А. Егембердиева, кафедра оқытушылары қатысты.
Биыл оқуға жаңадан қабылданған студенттер факультет деканымен танысты. Ал, жоғары топ студенттері университет қабырғасында жеткен жетістіктері туралы айтып, түрлі тақырыпта пікір таластырды. Айтбаева А, Успабаева А, Г. Есентөреевадан алдын-ала алынған сұхбаттардан көрініс ұсынылып, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.