АНАЛАР КЕҢЕСІ АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЗДЕСТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы Шымкент қаласы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелерімен АЭС (атом электр станциясы) салу мәселесі бойынша кездесті.

Кездесуде Аналар кеңесінің төрайымы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, Ынтымақ этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова атом энергетикасы еліміздің болашағын айқындайтын жоба екенін түсіндіріп, алдағы науқанда азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Қатысушылар аталған бастама қуатты болашаққа батыл қадам екені туралы ортақ ойға келді.

Кездесуде сондай-ақ, бүгінгі қоғамды толғандыратын жат әдеттерге қарсы «Салауатты сана» жобасы туралы да айтылып, ұрпақ тәрбиесін қоғамдық дерттерден арылту жолдары талқыланды.