Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының докторанттары Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 8D01502 – Физика педагогін даярлау ББ докторанты Кудайбергенова Құралай Байтемірқызы, 8D01505 – Химия педагогін даярлау ББ докторанттары Кенже Әзиза Балабекқызы, Қарманова Әлия Сұлтанханқызы 14.11.2022ж.-15.12.2022ж. аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында шетелдік ғылыми кеңесшілерінен докторлық диссертация жұмыстары бойынша кеңес алып, бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауда. Сонымен қатар Гази университетінің ғылыми-техникалық базасымен танысып, Milli kütüphane мен Millеt kütüphane-сінен өздеріне керекті мәліметтер қарап, және де профессорлардың сабақтарына қатысып тәжірибе алмасуда.