Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

7М01505 – Биология педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Рахманова Навруза Махмудқызы педагогикалық практикадан өту барысында

ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) 7М01505 – Биология педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Рахманова Навруза Махмудқызы педагогикалық практикадан өту барысында 1702-60, 1702-70, 1702-80, 1702-90 оқу топтарына «Экология сообщества - синэкология» атты ашық сабағын өткізді.  Ашық сабақ барысында интербелсенді тақтаны пайдалана отырып экологияның құрылымды бөлімі синэкология бойынша лекция материалы түсіндірілді. Ашық сабаққа педагогикалық практика жетекшісі Мамыкова Роза Убайдуллаевна қатысып, оң бағасын берді.