ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) 8D01501 – Математика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Қаратаев Абай Оңғарбекұлы педагогикалық практикадан өту барысында 1501-11 оқу тобына «Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында студенттер сызықтық біртекті емес алгебралық теңдеулер жүйесін Крамер, Кері матрица және Гаусс әдістерімен есептер шешті. Семинар сабаққа ЖООКББИ директоры Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы және математика кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева Гүлжан Оразбекқызы қатысып, студенттердің теңдеулер жүйесін түрлі әдістерімен шешуді меңгергенін байқап, оң бағасын берді. #ОҚМПУ