Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы, Шымкент қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 жылдық туған күніне орай қаңтар айының 28 күні "NIS talks" конференциясында "Тартуға тұрарлық идеялар" айдарымен "Мектебі жақсының ертеңі жақсы" тақырыбында ұйымдастырылған, " Бақытқа жетудің сегіз сыры" тақырыбында оқушы балаларға еркін форматта баяндама жасады. Баяндама барысында оқушы балалардың тек жетістікке жетуге ұмтылмай, бақытты болу жолдарын қарастырды. Сүйікті іспен айналысу, жанұя, спорт, саналылық, алғыс пен қайырымдылық, саяхат т.б. осы секілді 8 сала бойынша өздерінде жақсы әдеттер қалыптастырса бақытты азаматтар болып өсетінін жеткізе білді. Мамандық таңдауда да сүйікті ісіне жақын мамандықтар таңдау бойынша әңгіме өрбіді. Конференция соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры К.С. Буксукбаев Аққоңыр Нұрділләқызын, тың идеяларын ұсынып, озық тәжірибелерімен бөлісу арқылы зияткер оқушылардың білім-ғылымға қызығушылығын арттырып, ақыл-ой ұшқырлығымен және сөз сөйлеу шеберлігімен ерекшеленгені үшін алғыс хатпен марапаттады.