Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

7М01501-Математика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары ұйымдастырған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай рухани-танымдық іс-шарасы

         Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу үшін еліміздің әр өңірінен 378 оқушы келді. 
         Ғылыми жобалар конкурсы 21-25 ақпан аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында әр факультетте ғылыми зерттеу, тәрбие сағаттар және спорттық ойындар мен психологиялық тренингтер өткізіліп жатыр. Осы мақсатта 7М01501-Математика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары ұйымдастырған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай рухани-танымдық іс-шара өткізді. Магистранттар Қостанай және Қарағанды облыстарынан келген дарынды оқушылармен ойын жүргізіп, іс-шара соңы Физика-математика факультетінің зертханаларымен танысумен жалғасты.