Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Профессор-оқытушылардың жетістіктері

Кафедраның доценті, т.ғ.к. Исабек Баршагүл Қашқынқызы 2022 жылдың 1-мамыр мен 31-шілде аралығында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауда жариялаған "500 ғалым жобасы" бойынша "Болашақ" бағдарламасымен 3 ай мерзімге Германия Федеративтік Республикасының Дюссельдорф қаласында "Білім берудегі менеджмент-стратегиялық басқару және жоғары білім берудегі көшбасшылық. Жоғары оқу орнын басқару" саласы бойынша тағылымдамадан өтті. Германияның мектепке дейінгі білім беру, мектептік білім беру, жоғары білім беру жүйесімен кеңінен танысып, мол білім мен тәжірибе жинақтады.

           

Кафедра доценті, т.ғ.к. Исабек Б.Қ. 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгісімен марапатталды.

   

 

Кафедра меңгерушісі, доцент, т.ғ.к. Сыздықова Гаухар Майсуровна 2022 жылы Ғылым және Жоғары білім министрінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.

 

 Кафедра профессор-оқытушылар құрамы 2022-2023 оқу жылында Курсера онлайн курстарында біліктіліктерін көтеріп, сертификаттар алды.