Грантқа ауысу

Вопрос: 

Қайырлы күн! Мен сізден сұрағым келді , өйткені мен ақылы негізде ОҚМПУ-да оқимын және грантқа ауысқым келеді. ОҚМПУ университетінде Бос грант алу мүмкіндігі бар екенін естідім. Айтыңызшы, бос грантты алу үшін қандай шарттар қажет? Егер сіз жауап берсеңіз, мен сізге өте ризамын

Ответ: 

Қайырлы күн, білім алушы Маматаева Алина!

Білім алу процесінде босаған мемлекеттік білім гранттарына үміткерлерді ұсыну тәртібі университеттің 2022 жылы бекітілген Академиялық саясатында белгіленген. Академиялық саясат университет сайтында (https://okmpu.edu.kz/kk/node/245) орналасқан.

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы негізінде кадрларды даярлау бағыттары бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

2. Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

«Үміт» білім алушыларға қызмет көрсету орталығы ашық конкурс туралы хабарландыруды кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіп, университет сайтына орналастырады.

Конкурсқа ақылы негізде оқитын бүкіл оқу кезеңі ішінде берешектері жоқ білім алушылар қатыса алады. Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына ұсыну жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) «Үміт» білім алушыларға қызмет көрсету орталығына ақылы негізде білім алушы университет басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

 2) Өтінішке білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білім алушының транскриптінен үзінді тіркеледі;

3) білім алушылардың өтініштері мен құжаттарын Тіркеу бөлімі университеттің ғылыми кеңесіне қарауға реттеп даярлайды (GPA орташа балының көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының тобы көрсетілген тізім жасайды);

4) келіп түскен өтініштер университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында қарастырылады;

5) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранты даярлық бағытында, одан соң білім беру саласында оқитын білім алушыларға ұсынылады;

6) университеттің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылғы 5 тамыз және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім шығару үшін Тіркеу бөлімі жолдайды. Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, Ғылыми кеңестің шешімінің көшірмесі, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және университеттен шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі.

7) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті рәсімдейді және оны үш жұмыс күні ішінде тиісті университетке жібереді;

8) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде университет басшысы алдағы уақытта білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.