Кафедра меңгерушісі және эдвайзерлер

Кафедра меңгерушісі және эдвайзерлер

Кафедра меңгерушісі

Орынбасарова Гүлжан Жақсымбетқызы

Орынбасарова Гүлжан Жақсымбетқызы – 1974 жылы 21 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратөбе елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1980-19990 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, А.Иманов атындағы орта мектепте орта білімді алып шыққан.

1990 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтына түсіп, 1995 жылы «тарихшы және тәрбие ісінің методисті» біліктілігі бойынша дипломын алған.

1995 жылдың 1 маусым айынан бастап Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Араб тілі институтының «Тарих» кафедрасына оқытушылыққа қабылданған. 1999 жылдың қараша айынан бастап осы жоғарғы оқу орнының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған.

2009 жылдың 1 шілдесінде 070002-Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) бағыты бойынша Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы Біріккен Диссертациялық қорғау ұйымында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Ресей арасындағы экономикалық-сауда қарым-қатынастар тарихы (ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында диссертация қорғаған.

Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И.Исмаилов.

2009 жылдың желтоқсан айында Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәреже дипломын алған.

2010-2020 жылдар аралығында А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты қызметін атқарып келеді.

Еңбек өтілі барысында түрлі тақырыптағы  жалпы саны 24 мақала жарялап, 1 оқулық, 2 патент иегері атанған. Мамандығына байланысты біліктілік сертификаттары бар. ҚР БҒМ «Алғыс хаты» және бірнеше марапаттары бар.

Кафедрада «Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы», «Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы», «Тарихи білімнің цифрлық ресурстары және қашықтықтан оқыту әдістемесі» пәндері бойынша лекция және практикалық сабақтардан дәріс жүргізеді.

Отбасылы, ұлы, келіні және немересі бар.

 

ЭДВАЙЗЕРЛЕР

Сенгирбаева Зауре Жаксибековна

Білімі: 

2001-2005 жж. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, «Тарих» бакалавры;

2007-2009 жж. М. Ауезов атындағы ОҚМУ, «Мәдениеттану» магистрі;

2023 ж. қаңтардан - .Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, «8D01601-Тарих педагогін даярлау» білім беру бағдарламасының докторанты.

Академиялық дәрежесі: гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Қорғау орны, жылы, мамандығы және шифры: М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2009 ж., 6N0204 «Мәдениеттану» мамандығы

Магистрлік диссертация тақырыбы: «Ұлттық мәдениеттің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары»

 

 

Байшуакова Айгуль Досалыевна

Білімі:

бакалавриат, 2000 ж., Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, біліктілігі – тарихшы, тарих оқытушысы;

магистратура, 2002 ж. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

докторантура, 2023 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Академиялық дәрежесі: тарих ғылымдарының магистрі

Қорғау орны, жылы, мамандығы және шифры: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент қ., 2002 ж.

Магистрлік диссертация тақырыбы: "Доллар дипломатиясы"