Лесбек Тәшімұлына арналған ескерткіш тақта ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұлағатты ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері Лесбек Тәшімұлына арналған ескерткіш тақта ашылды.
Салтанатты шара айтыскер ақын, «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапияның арнауымен ашылды. Бұдан кейін университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөз сөйлеп, Лесбек Тәшімұлының қамқор басшы, ізденімпаз ғалым, ұлағатты ұстаз болғандығын еске алды.
Ескерткіш тақтаның ашылуына Кәрім Әбдіқадыр, Шалатай Мырзахмет, Құлбек Ергөбек, Досыбай Шерімқұлов, Кәрімбек Құрманәлиев сияқты құрметті қонақтар мен Лесбек Тәшімұлының ұрпақтары қатысты.