БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІН БІРГЕ ОҚИЫҚ!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Ә.Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасында «Балалар әдебиетінің классигі» атты оқырмандар конференциясы өтті.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткен конференция белгілі балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналды. Іс-шараға филология факультетінің белсенді студенттері және кітап сүйер оқырмандар клубы қатысты.
Қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Менің атым Қожа» атты шығармалары жан-жақты талқыланды.
Оқырмандар шығарма желісімен бірге балалық шаққа саяхаттап, кітапханашы Қарлығаш Сатенова кітап көрмесіне шолу жасады.