Профессор Ким Герман қонақта

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Герман арнайы келді. Құрметті қонақты университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдады. Қабылдауда қазақ-корей тарихы мен дүниетанымына, оның зерттелуіне қатысты деректер талқыланды. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық келісім орнатуға ниет білдіріліп, бұл бағытта нақты жоспарлар қолға алынатыны айтылды. Қабылдау соңы профессордың студенттерге арналған лекциясына жалғасты. Дәріс оқу барысында тарихшы корей диаспорасының ерекшеліктерін, тарихи отанынан тыс корей қауымдастықтары, өзгермелі әлемде мәдени және этникалық сәйкестікті сақтаудың маңыздылығы туралы құнды ұғымдар берді. Профессор сондай-ақ, қазақ және корей тілдерінің жақын ұқсастығын тілге тиек етті. Студенттер әлемдегі жетекші корейтанушының дәрісін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына тұшымды жауап алды.