ОҚПУ-дың КЕЗЕКТІ PhD ФИЛОЛОГЫ!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің докторанты, филолог Динара Айтеноваға диссертациялық кеңес шешімімен қазақ тілі әдебиеті мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Динара Оразбайқызы аталмыш дәрежені қорғау кезінде Қарахан дәуіріндегі әдебиет тақырыбын зерттеді. Жетекшісі — белгілі ғалым Ақбілек Мыңбаева, отандық кеңесшісі Бекарыс Нұриман.
Университеттегі филологтар арасында аталмыш дәрежені алғашқы болып қорғаған жас ғалымды Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қабылдап, ізденіс жолына сәттілік тіледі.
Фото Береке Сейітжаппар