ШАРШЫ АЛАҢДАҒЫ ШАЙҚАС

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ұлдар мен қыздар арасында «бокстан» жарыс өтті. Бұл жолы тек қатысушылар күшпен емес, білім шайқасында жарысты.

Алғашқы раундта ұлдарды 1 ұпай артықшылығымен жеңген қыздар командасы екінші раундта да дес бермеді. Ал, үшінші раундта жанкүйерлер ұпайы арқылы екі команда тең түссе, соңғы сынақта ұлдар командасы алға озды.

Ғылым күніне орай арнайы апталық аясында физика кафедрасы ұйымдастырған «Ғылым ring — гендерлік интеллектуалдық сайыс» осылайша өзіндік форматымен ерекшеленіп, аудиторияны баурап алды. Студенттер өздерінің білім мен ғылымдағы ізденістерін сұрақтарға жауап беру арқылы сынап, нәтижесінде ғылым жынысқа бөлінбейді деген тұжырыммен екі команда тең түсті.

Қатысушылардың барлығына арнайы диплом мен «Кемел адам» кітабы сыйға тартылды.