«Өрлеумен» ынтымақтастық келісімі орнады

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен “Өрлеу” Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арасында өзара ынтымақтастық келісімі орнады.

Университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен “Өрлеу” Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Лаура Ысқақова аталмыш келісім аясында меморандум құжатына қол қойды.

Ынтымақтастық бойынша университет қабырғасындағы Қайта даярлау бөлімінде педагогикалық мамандық бойынша қайта дайындық курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға «Өрлеудің» мамандары өздерінің білімі мен тәжірибесін бөліспек. Ал, сәйкесінше, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы « Өрлеуде» біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан педагог қызметкерлерге ғылыми зерттеу құзыреттіліктерін дамыту мақсатында дәріс оқитын болады.